top


Кольцов М.П. Мектептерде «Информатика» оқыту процесін жетілдірудің өзектілігі

Кольцов Михаил Петрович 1963 жылы Целиноград облысы, Астрахань ауданы, Первомайка селосында дүниеге келген. 1985 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогика институтын математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тамамдаған. Акмола облысының мектептерінде, № 1 лицейде, №6 гимназияда, № 60 мектеп-лицейде математика және информатика мұғалім болып қызмет атқарады, Қазақ инфокоммуникация академиясының кеңес беруші маманы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздары мен алғыс хаттарымен, мемлекеттік сыйлықтармен марапатталған. Астана қаласында өткен «Жыл мұғалімі – 2002», байқауының (3 - орын) жүлдегері, «IT-классының үздік мұғалімі» (2007 ж.). Томск қаласында өткен «2010 IT-класының үздік мұғалімі» байқауының «IT-класының үздік мұғалімі» атағының иегері.

Құрметті Михаил Петрович! Казақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Казақстан халқына «Болашақты бірге қалайық» атты жолдауында 2002 жылы білікті мамандардың үлес салмағын 40 пайызға арттыруымыз керек деген болатын. Елбасы ол үшін білім саласындағы модернизациялау ісі жалғасу керектігін баса көрсеткенді. Айтылған тапсырманы өз уақытында іске асыру үшін білім саласының барлық деңгейлерінде, соның ішінде орта білім мектептерінде оқыту процесін жетілдіру қажет сияқты. Сіздің ойыңызша, орта мектептерде ең әуелі қандай мәселе шешілуі тиіс?

Казақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Казақстан халқына «Болашақты бірге қалайық» жолдауына мұқият қарасақ, ондағы айтылған барлық тапсырма басты әрі маңызды. Жақында ҚР Үкіметі 12-жылдық орта білім моделін қарастырылған білім жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бүгінгі тез дамыған, бәсекелестікке құрылған әлемде әр қазақстандық «оқу тал бесіктен, көр бесікке» дейін деген ұранды ту етпесе, алға озып шығуы қиын. Орта мектеп балада «үнемі оқу» дағдысын қалыптастыратын жер және оның басты міндеті де осы. Елбасы қойған тапсырма экономикамыздың ілгері басуына, бәсекелстікке қауқарлы болуына ықпал ететін білікті мамандар арқасында іске асады. Ал ол үшін кәсіби және технологиялық білім беру ісінің мазмұны түбегейлі өзгеруі керек.

2. Орта мектептерде «Информатика және бағдарлама негіздері» пәнін оқыту ісін дамытуға не қажет, не істеу керек?

Мемлекет 2015 жылы білім беру мекемелерінің 50 пайызы, ал 2020 жылы 90 пайызы электрондық білім беру жүйесіне өтеді деп жоспарлап отыр. Бұл жаңашыл шешім толыққанды орындалуы үшін «Информатика» мектептерде 5-ші сыныптан бастап сапалы түрде, оқушылардың қабілеті, психологиялық, педагогикалық аспектілері жан-жақты ескеріліп оқытылу керек. Бұрынғы ат үсті оқытылу тыйылу қажет. Оқушы мектеп қабырғасынан шыққанша ақпараттық технологияның негізгі білімін алумен ғана шектелмеу керек, оны кәсіби деңгейде де игере алатындай жағдайда дайындалуы тиіс.

3. Аталған пәнді оқытатын орта мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру үшін қандай іс-шаралар өткізуге болады?

Жалпы, инфоматика мұғалімдері ақпараттық технологоияларды жетік меңгерген және қашықтан оқыту әдісіне де жақсы дайындалған. Кейінгі ашылған біліктілік көтеру орталықтарында қашықтан оқыту әдісін барынша кең пайдалану мүмкіндігі бар, бұл мұғалімдердің жұмысынан ажырамай қайта даярлықтан өтуіне де, мектептерге де экономикалық жағынан тиімді.

4. ТМД және Кедендік одақ мемлекеттерінің білім беру бағдарламаларына қатыстыңыз ба?

Біздің №60 мектеп-лицейіміз Томск қаласының Жастар ашық университетімен «Болашақты бірге қалыптастырайық» атты әріптестік бағдарлама бойынша және «Мектеп университеті» кешенді білім бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Жастар ашық университетінің жариялаған гарнттық байқауларына да қатысып келеді.

5. Мектебіңіздің оқушылары информатика, бағдарлама жасау олимпиядаларына қатыса ма, алда қандай жоспарларыңыз бар, сол жайлы айта отырсаңыз.

Биыл жылдағыдай 6-10 сынып оқушыларының қатысуымен Pascal бағдарламасының тілін оқыту факультативі жүргізілмек, сондай-ақ Қазақ инфокоммуникация академиясының тікелей атсалысуымен қаламыздағы дарынды балаларды бағдарлама жасау олимпиядаларына дайындайтын орталық ашу қолға алынды. Қазір оқушыларымыздың олимпиядалық ойындарда жүлделі орын алу мүмкіндіктері бар. Біз мектеп оқушыларын олимпиядалық ойындарға дайындай ісін жүйелеп, қалыптастырып жатырмыз. ІТ-білімін жетілдіру мақсатында Қазақстан инфокоммуникация академиясының басшылығымен оқушылардың алған білімдерін тереңдету және практикада қолдану дағдысын қалыптастыру курстарын жүргізіп келеміз. Бұл тереңдетілген курсқа қаламыздағы ең үздік мұғалімдер тартылмақшы. 
Мұғалімдеріміздің жасаған бағдарламалары көрсетілетін Web-порталы дайындалып жатыр, сол арқылы қашықтан оқыту курстары, әр түрлі номинация бойынша байқаулар ұйымдастырылатын болады.
Бұл күнде барлық мектептер компьютрлендірілді, мультимедия бөлмелерімен, интерактивті құралдармен жабдықталуда. Енді Internet желісінің мүмкіндіктерін пайдалану мәселесі тұр. Бұл байланыс жұмсарта айтқанда, мектептерде әлі де қанағаттандырарлық жағдайда емес. Кім әлемдік жаңалықтардан хабардар, соның қолы ұзын екенін жақсы түсінетін кез жетті.

6. Республика, облыс, қала деңгейіндегі оқушыларыңыздың жетістігі қандай?

Ауыз толтырып айтарлық әзірге үлкен жетістіктеріміз жоқ, дегенмен шәкірттерім аудандық, қалалық олимпиядаларға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатыр. Республикалық олимпиядада шәкіртім Жұманов Темірлан 3 орынға ие болды.

7. Халықаралық олимпиядаларда біздің балалар қаншалықты көрініп жүр?

Бұл жерде де қуантарлықтай жоғары нәтиже көрсете қойған жоқпыз. Санкт –Петербург мемлекеттік Университеті ұйымдастыруымен өткен олимпиядада жеке және командалық есепте орта дәрежеде көріндік. Харьковте өткен халықаралық олимпиядада 3 орынға қол жеткіздік. Томск қаласында жылда өтетін «Сандық қағаз» байқауында бірнеше мәрте жүлделі болдық (Маркова Кристина – 1 орын, Ким Евгений – 1 орын, Новожилов Артем – 1,2 орын, Шманов Назар - 2 орын).

Сұбатыңызға рахмет, Михаил Петрович, сізге және шәкірттеріңізге табыс тілеймін!

 
Баннер
Баннер

Наша RSS-лента


bottom
top

bottom

Работает на Joomla!. Designed by: Free Joomla Themes, hosting. Valid XHTML and CSS.